Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кілемдер мен 2 тонна бояу өртенді": Шымкентте қойма отқа оранды (видео)

Жарияланған күні:

Өрт сөндірушілер қоймадағы өртті ауыздықтап жатыр
Өрт сөндірушілер қоймадағы өртті ауыздықтап жатыр. Фото: t.me/qr_tjm

Шымкенттегі әл-Фараби ауданы Сәуле шағын ауданында ангар үлгісіндегі бір қабатты қойма өртенді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ның Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

ТЖМ мәліметінше, қазіргі уақытта өрт оқшауланды. Қызыл жалынмен күреске ТЖД жеке құрамынан 64 адам және 17 бірлік техника жұмылдырылған.

"Нақтыланған мәліметтер бойынша әл-Фараби ауданы Сәуле шағын ауданындағы Ерден көшесі бойында бір қабатты қоймада 750 шаршы метр алаңда кілем мен екі тонна бояу өртенді. Зардап шеккендер туралы 112-ге ақпарат түскен жоқ", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 2 қазанда Шымкентте көпқабатты үйден өрт шыққан еді. Нұрсат-2 шағын ауданында 9 қабатты үйдің 6-қабатындағы пәтерде үй заттары жанған. ТЖМ күшімен өрт мүмкіндігінше қысқа мерзімде пәтердің басқа үй-жайларына таратылмай 15 шаршы метр алаңда сөндірілді. Сондай-ақ баспалдақпен 6 бала құтқарылды және 31 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2173068-kilemder-men-2-tonna-boiau-ortendi-shymkentte-qoima-otqa-orandy-video/