Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полиция Талғар маңында атыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Жарияланған күні:

Полиция көліктері
Оқиға орны. Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_talgar

Алматы облысының полиция департаменті Талғар тасжолы бойындағы Тұздыбастау ауылында атыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Әлеуметтік желілерде Талғар ауданы Тұздыбастау кентіндегі кафелердің бірінің жанында атыс болғаны туралы тараған ақпарат шындыққа жанаспайды", - деді Алматы облыстық ПД өкілдері.

Тәртіп сақшылары дәмханаға келушілер арасында қақтығысқа ұласқан жанжал болғанын анықтаған. Жағдайды осы аймақты күзететін экипаж жедел түрде шешкен.

"Бұзақылық әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық қатысушысы полицияға жеткізілді", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Қазіргі таңда істің мән-жайы анықталып жатыр, зардап шеккендер жоқ.

"Біз тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз және жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке дейін жеткізуі мүмкін екенін еске саламыз", - деп атап өтті Алматы облысы ПД өкілдері.

Айта кетейік, осыған дейін желіде Талғар трактісінің бойындағы Тұздыбастау ауылында атыс болғаны туралы ақпарат тараған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2173081-politsiia-talgar-mangynda-atys-bolgany-turaly-aqparatty-zhoqqa-shygardy/