Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте бірнеше адам психиатрлық ауруханадан қашып кеткені рас па: полиция пікір білдірді

Жарияланған күні:

Бос төсек. Көрнекі фото
Бос төсек. Көрнекі фото: Getty Images

Мессенджерлерде Шымкентте бірнеше адам психиатрлық ауруханадан қашқаны туралы ақпарат тарады. Бұған қатысты Шымкент полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мессенджерлерде тараған аудиожазбада 11 шақты адам психиатрлық ауруханадан қашқаны айтылады. Сондай-ақ аудиожазба авторы тұрғындарды сақ болуға шақырған.

"Құрметті Шұбарсу тұрғындары, осы рас па? Жындыханадан қашқан дейді. Мына әйел Шұбарсуда жүреді дейді. Енді біреуі түрмеден қашыпты. Шымкентте 11 шақты адам жындыханадан қашқан, Шұбарсуға келген дейді. Мына әйел Шұбарсуда суретке түсіп қалыпты. Нан бер, су бер деп келеді екен. Кешке қарай балаларыңызға, қыздарыңызға ие болыңыздар, жолда жүрмесін. Бүкіл полицейлер мектептерге барып жарнама ретінде таратыпты. Абай болайық", - делінген аудиожазбада.

KAZ.NUR.KZ тілшісі әлеуметтік желіде тараған осы ақпарат бойынша Шымкент полиция департаментіне хабарласып көрді.

"Аталған ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Полиция департаменті жалған ақпарат тарату үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз", - деп жауап берді қалалық ПД баспасөз хатшысы.

Еске салайық, Түркістан облысында ер адам әйелін күштеп психиатрлық ауруханаға жатқызып тастағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2173096-shymkentte-birneshe-adam-zhyndyhanadan-qashqany-ras-pa-politsiia-pikir-bildirdi/