Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Парфюміңіз қаншалықты қауіпсіз екенін білесіз бе

Жарияланған күні:

Парфюмерия
Көрнекі фото: pixabay.com

Біз парфюмді таңдағанда белгілі брендтерге және әдемі қаптамасына қызығып, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне сенім артамыз. Ал таңбаламасына қаншалықты жиі көңіл бөлеміз? Тұтынушы өнімнің барлық заң талаптарына сәйкес келетініне сенімді болу үшін затбелгідегі ақпараттар дұрыс көрсетілген бе?

Бұл неліктен маңызды?

Алибекова Алия, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшы:

"Көптеген сатып алушылар: "Ақпараттың қай тілде жазылғанының қандай айырмашылығы бар? Ең бастысы, иіссудың иісі жақсы, бағасы да қолжетімді болса сол жеткілікті емес пе?" деп ойлайды. Шын мәнінде, таңбалама жапсырмадағы жай мәтіннен гөрі әлдеқайда маңызды рөл атқарады. Өнім туралы сенімді және толық ақпарат – формальдылық емес, тұтынушы құқығын қорғау және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәсілі болып табылады".

"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі ("МОТҚҚҚ" ҚБ) тұтынушылардың ақпараттандырылуы мен қорғалуына көмектесу үшін Қазақстанда сатылатын тауарларға қатысты жүргізілген зерттеулердің нәтижелерімен бөлісуді жалғастыруда. 2024 жылдың шілдесінде Павлодар қаласындағы дүкендердің бірінен "МОТҚҚҚ" ҚБ өкілі жасырын сатып алушы әдісімен Біріккен Араб Әмірліктерінде шығарылған 100 мл Carol 75% иіссуын сатып алды. Ынтымақтастық келісіміне сәйкес, өнімдер Павлодар облысы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген зертханасына сараптамаға жіберілді.

Парфюм Carol
Фото: Жанна Биятан

Бұл иіссуға органолептикалық, физико-химиялық, токсикологиялық көрсеткіштер бойынша зерттеулер жүргізілді, сондай-ақ Кеден одағының "Парфюмерлік-косметикалық өнімдер туралы" техникалық регламентіне сәйкес таңбаламаны анықтау жүргізілді.

Органолептикалық, физико-химиялық, токсикологиялық кешенді зерттеулердің көрсеткіштері техникалық регламенттердің белгіленген нормаларынан аспайды. Бірақ 2024 жылдың 18 шілдесіндегі № РО-24-03467/14 хаттамасында тіркелген зерттеу нәтижелері заң талаптарына бірқатар сәйкессіздіктерді көрсетті. Ең бастысы, Еуразиялық сәйкестік белгісінің және қазақ тіліндегі ақпараттың жоқтығы (парфюмерлік-косметикалық өнімдер туралы ақпарат ол сатылатын аумақта Кеден одағына мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінде беріледі). Сонымен қатар, қаптамада Қазақстан аумағында шағымдарды қабылдайтын ұйым көрсетілмеген, бұл да Кеден одағының техникалық регламенті талаптарына сәйкес келмейді.

"Міне, бірнеше маңызды жайттар. Контрафактілік өнімдер. Егер өнім таңбалама стандарттарына сәйкес келмесе, оның жалған болуы қауіп бар. Мұндай өнімдер көбінесе санитарлық және қауіпсіздік нормаларына сәйкес келмейтін жағдайда шығарылады. Бұл иіссудың құрамына аллергиялық реакцияларды, терінің тітіркенуін немесе денсаулыққа одан да ауыр зардаптарды тигізетін қауіпті заттардың түсуіне жол берілуі мүмкін", – деп жалғастырады сөзін Алия Расбекқызы.

Кепілдіктер мен жауапкершілік. Өнімде өндіруші немесе Қазақстандағы шағымдарды қабылдайтын өкіл туралы ақпарат болмаған жағдайда, өнім сапасыз немесе қауіпті болып шықса, тұтынушы өз құқығын қорғау мүмкіндігінен айырылады. Бұл ақпараттың жоқтығынан сатып алушы егер иіссу дұрыс болмаса, ақшаны қайтару немесе залал үшін кімге хабарласу керектігін білмейді.

Ашықтық және бақылау. "МОТҚҚҚ" ҚБ сияқты мемлекеттік органдар мен құқыққорғау ұйымдары Кедендік одақ талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің Қазақстан нарығына кірмеуін қамтамасыз етеді. Бұл сапасыз және қауіпті тауарларды тарату қаупін азайтуға көмектесіп, тұтынушыларды ғана емес, заңды бизнесті де жосықсыз бәсекеден қорғайды".

Контрафактілік тауарлардан кім пайда көреді?

Контрафактілік өнімдерді заңсыз өндірушілер мен сатушылар сапасына немқұрайлы қарап, заң нормаларын бұзып, тез пайда табады. Дегенмен, мұндай өнімдерді таңдағанда тұтынушылар көп жағдайда қанағаттанарлықсыз сападан – денсаулыққа тікелей қауіп төнуге дейінгі түрлі келеңсіз жайттарға тап болып жатады. Сонымен қатар, сатып алғаннан кейін жағдайды түзету қиынға соғады, өйткені контрафактілік өнімдерде қажетті құжаттар жоқ, ал өндірушілер мүлдем белгісіз немесе тұтынушы қолы жетпейтін жерде орналасқан.

Дұрыс таңбаламас – тұтынушылар құқығын қорғаудың маңызды тетіктерінің бірі. Ол өнімнің барлық қажетті сынақтардан өткеніне және белгіленген сапа мен қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетініне кепілдік береді. Өндірушілер мен сатушылар үшін бұл сондай-ақ, айыппұлдардан және тауарларды нарықтан алудан қорғау болып табылады, бұл айтарлықтай қаржылық шығындарға және тұтынушылардың сенімін жоғалтуға әкелуі мүмкін.

"Таңбалама – жай ғана ақпарат емес. Тауарлардың дұрыс таңбаламасы – өнімнің қауіпсіздігіне кепілдік берудің және тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың тәсілі, ол бизнесті айыппұлдар мен санкциялардан қорғайды, ал сатып алушыларға сапалы әрі қауіпсіз өнімді сатып алатынына сенімділік береді", – дегенді де алға тартады сарапшы.

Бұл материалды тұтынушыларды тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігі туралы ақпараттандыру жобасы аясында дайындаған "МОТҚҚҚ" ҚБ әрбір тұтынушы сатып алатын өнімдерге қатысты толық және сенімді ақпарат алуға құқылы екенін еске салады. Тауарлардың таңбаламасына ерекше мән беріңіз, өйткені бұл сіздің қауіпсіздігіңіздің кепілі!

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ – https://www.instagram.com/ozpp.kz/

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2173186-parfiumingiz-qanshalyqty-qauipsiz-ekenin-bilesiz-be/