Ұлттық банк басшысы АЭС салуды бөліп қаржыландыру мәселесіне қатысты пікір білдірді
Жарияланған күні:
Читать на русскомБрифингте Тимур Сүлейменовке Ұлттық қордан бөлінген қаржыны атом электр станцияларын салуға жұмсау туралы үкімет ұсыныс жасалды ма, жоқ па деген сауал қойылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Жоқ, өтініштер болған жоқ", - деді Ұлттық банк басшысы.
Оның айтуынша, құрылысты қаржыландыру мәселесі өте маңызды.
"Технологиялар бар, кадрлар бар және қаржы бар. Менің ойымша, консорциуммен келіссөздер жүргізетін тарап, кіммен болса да, бізде қандай да бір құрал болуы керек сияқты. Технология, кадрларды немесе өзімізді қаржыландыруды қамтамасыз етпесек, келіссөздер кешеуілдейді.
Сондықтан шынымды айтсам, біраз қаржыны өзіміз қаржыландырамыз дегенді жоққа шығармас едім. Яғни, инвестордың өзі ақша әкеліп, оны толығымен қаржыландырады деген сөз емес. Мен Қазақстан қаржыландырудың бір бөлігін тартатынын немесе бір бөлігін бюджеттен алатынын жоққа шығармас едім. Бұл – біздің келіссөздердегі ұстанымдарымыз", - деді Сүлейменов.
Ал, оның айтуынша, үкімет Ұлттық банкке мұндай ұсыныстармен әлі келген жоқ.
"Менің ойымша, әлі ерте", - деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2173189-ulttyq-bank-basshysy-aes-saludy-bolip-qarzhylandyru-maselesine-qatysty-pikir-bildirdi/