Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ Қазақстанның оңтүстігінде арнайы операция жүргізді

Жарияланған күні:

Арнайы операция
Арнайы операция. Фото: ІІМ

ІІМ есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл қызметкерлері "Қарасора” операциясы барысында Жамбыл облысы Шу ауданының құмды аймағында қарасора жинаумен айналысқан екі ер адамды ұстады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қарасора" операциясының төрт айында ішкі істер органдары 1315 есірткі қылмысын анықтады.

Заңсыз айналымнан 17 тоннадан астам есірткі тәркіленді. Қызылорда, Алматы, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстарында Ұлттық ұланның тікұшақтарымен барлау жүргізілді. Онда 25 есірткі егісі анықталды.

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжановтың сөзінше, күдіктілерден 500 кг-ға жуық кептірілген каннабис бұталары мен 9 кг кептірілген марихуана тәркіленді. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Жалпы салмағы 2,5 тонна болатын 15 мыңнан астам қарасора бұталары жойылды. 11 күдікті ұсталып, қамауға алынды. Полиция азаматтарды күдікті әрекеттер туралы хабарлауға шақырады", - деді Қуандық Әлжанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2173245-iim-qazaqstannyng-ongtustiginde-arnaiy-operatsiia-zhurgizdi/