Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда 9 жасар қыздың үстіне қақпа құлады: дәрігерлер жасөспірімнің жағдайын айтты

Жарияланған күні:

Аурухана төсегінде жатқан бала
Аурухана төсегінде жатқан бала. Көрнекі фото: getty/stock photo

Бірер күн бұрын Атырауда 9 жасар қыздың үстіне қақпа құлады. Жарақат алған қыз бала облыстық балалар ауруханасында жатыр. Дәрігерлер жасөспірімнің қазіргі жағдайы ауыр екенін айтты, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасаған агенттік мәліметінше оқиға 8 қазанда болған.

"Ауруханаға күндізгі сағат 15:20-да жарақат алған 2015 жылғы қыз түсті. Пациент басынан ауыр жарақат алған. Қазір аурухананың жансақтау бөлімінда жатыр. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған науқастың жағдайы ауыр", - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Ал облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерекке байланысты тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

"Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері 8 қазан күні тіркелген оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады. Қазір кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды", - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2173258-atyrauda-9-zhasar-qyzdyng-ustine-qaqpa-qulady-darigerler-zhasospirimning-zhagdaiyn-aitty/