Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тырнақ астынан "кір" іздеу": Қорғаныс министрлігі өкілі Жақсылықовтың әйелі түскен клипке қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Эльмира Баққали түскен клип
Эльмира Баққали түскен клип. Видеодан кадр: youtube.com/@NationalGuardKz

Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жангулин ведомство басшысы Руслан Жақсылықовтың жұбайы түскен ескі клип желідегі қызу талқыланып жатқанын айтып, бұған қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомство өкілінің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Тырнақ астынан "кір" іздеудің қажеті қанша?...Қорғаныс министрінің жұбайы қатысқан Ұлттық ұлан туралы түсірілген бейнебаян осыдан 10 жылға таман бұрын түсірілген болатын. Қазір оны желеу қылып, кейбір ақпарат құралдары мен "жазғыштар" клиптің қалай түсірілгені туралы астарынан мысқалдап сыр іздеп, өздерінше пайымдап жатыр. Ешқандай сыр жоқ. Түсіндіре кетейін Сол кезде бұл Ұлттық ұлан туралы әскери-патриоттық бағытта жасалған алғашқы имидждік клип болатын. Бейнебаяндағы әнді Ұлттық ұлан Ән-би ансамблінің солисі орындады", - деді Руслан Жангулин

Ведомство ресми өкілінің сөзінше, түсірілім жұмыстары елорда маңындағы әскери бөлім мен оқу полигоны аумағында жүргізілді.

"Клиптағы әскери техника мен жеке құрамның іс-әрекеті бейнеленген кадрлар жауынгерлік дайындық бойынша жоспарлы сабақтар кезінде түсірілген. Оны жасауға ешқандай мемлекеттік қаржы жұмсалмаған. Демеушілердің көмегі тартылған. Сол уақыттан бері бұл клип ашық жарияланымда тұр. 10 жылға жуық уақыттан кейін бұған осыншама тұрғыда мән берудің қажеті қанша? Бір кем дүние...", - деп жазды министрлік өкілі.

Айта кетейік, жақында Жангулин Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың жұбайы мен балаларымен бірге медальдармен түскен отбасылық суреттерінің желіде тарағанына қатысты пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2173270-tyrnaq-astynan-kir-izdeu-qorganys-ministrligi-okili-zhaqsylyqovtyng-aieli-tusken-klip-qatysty-pikir-bildirdi/