Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлытау облысының бұрынғы әкімі Ұлттық музей директоры болып тағайындалды

Жарияланған күні:

Берік Әбдіғалиұлы
Берік Әбдіғалиұлы. Фото: ortcom.kz

Ұлытау облысының бұрынғы әкімі Берік Әбдіғалиұлы Ұлттық музей директорының міндетін уақытша атқарушы қызметіне болып тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы Айзада Құрманова музейге арнайы келіп, Берік Әбдіғалиұлын музей ұжымына таныстырды.

Берік Әбдіғалиұлы 1971 жылы туған. Білімі жоғары: 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін "Тарих және қоғамтану оқытушысы" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында қызмет етті.

2010-2013 жылдары Ұлытау ауданы әкімі, Жезқазған қаласының әкімі, Арқалық қаласының әкімі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары;

2016 жылы Қорғаныс министрлігінің Қарулы күштері Әскери-тарихи музейінің бас ғылыми қызметкері;

2017-2019 жылдары Ұлттық музейінің "Қасиетті Қазақстан" ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі;

2019-2021 жылдары Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі.

2021-2022 жылдары парламент мәжілісінің депутаты;

2022-2024 жылдары Ұлытау облысының әкімі лауазымын атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2173282-ulytau-oblysynyng-buryngy-akimi-ulttyq-muzei-direktory-bolyp-tagaiyndaldy/