Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана мен Алматыда қолайсыз ауа райына байланысты кептеліс пайда болды

Жарияланған күні:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астана мен Алматыда жұманың кешінде ауа райының қолайсыздығына байланысты кептеліс пайда болды. Алматыда – 11 балл, ал Астанада – 9-10 балл, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

2GIS сервисінің мәліметі бойынша, Алматыда қазір 11 баллдық кептелістер байқалып, көптеген жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Алматыдағы кептеліс
Алматыдағы кептеліс. Скриншот: 2gis.kz/almaty

Бүгін Алматы қалалық ТЖД тұрғындарына 12 қазанға қараған түні қатты жаңбыр жауатынын ескерткен еді. Сонымен қатар желдің екпіні 18 м/с дейін күшеюі мүмкін екені хабарланған.

Ал Астанада, 2GIS мәліметтері бойынша, бірнеше орталық көшеде кептелістер пайда болды. Мақаланы жазу сәтінде жолдардағы кептеліс 9 баллға бағаланып, қарбалас уақытында 10 баллға дейін жеткен.

Астанадағы кептелістер
Астанадағы кептелістер. Скриншот: 2gis.kz

"Кептелісте барлығына шыдам тілейміз", "Қыста қар жауған кезде не болатынын елестету қорқынышты", "Неге жаңбыр салдарынан осындай жағдай болады?", "Велосипедпен жылдам жетуге болар еді", - деп жатыр астаналықтар жолдардағы жағдай туралы осындай пікірлерін жазып жатыр.

Айта кету керек, Астанада ауа райы нашарлап, жауын-шашын түсті. Елордада "Қазгидромет" ақпараты бойынша қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Қалада қар, боран, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыс желдің екпіні – 17-22 м/с.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2173311-astana-men-almatyda-qolaisyz-aua-raiyna-bailanysty-keptelis-paida-boldy/