Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Буынсыз адам" атымен танылған Айдос Тоқтарбай дүниеден өтті

Жарияланған күні:

Айдос Тоқтарбай
Айдос Тоқтарбай. Фото: instagram.com/aidos_toktarbai

Халық арасында "буынсыз адам" атымен танылған белгілі өнерпаз өнерпаз Айдос Тоқтарбай жасы 40-тан енді асқан шағында қайтыс болды. Қаралы хабар туралы актер Рахман Омар Instagram-дағы парақшасында жазды, хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Актер Рахман Омар Instagram-дағы Stories бөлімінде қайғылы хабар туралы айтты.

"Айдос Тоқтарбай бауырымыз мезігілсіз өмірден өтті. Цирк өнерінің шебері", - деп жазды өнер иесі.

Айдос Тоқтарбай
Айдос Тоқтарбай. Фото: instagram.com/rakhmanomar/stories

Еске салайық, пышақ жұтып, кішкентай чемодан, әйнекке оңай сыйып, таңғаларлық трюктер жасайтын Айдос Тоқтарбаев соңғы сұқбаттарының бірінде жатақханада пәтер жалдап тұратынын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2173674-buynsyz-adam-atymen-tanylgan-aidos-toqtarbai-dunieden-otti/