Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұрынғысы ыңғайлы еді": Шымкентте бағдаршамдардың секундомері неліктен өшірілді (видео)

Жарияланған күні:

Шымкенттегі бағдаршам
Шымкенттегі бағдаршам. Скриншот: youtube.com/@tvotyrar

Шымкентте бағдаршамдардың секундомері өшірілді. Бұл өзгеріске кей жүргізушілер келіспей отыр, деп KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қаладағы көлік жүргізушілерінің бірі Бақтияр Омаров бағдаршамдарға секундомерді қайта қою керек екенін айтты.

"Бағдаршамның секундомері бары жақсы еді. Өйткені алыстан көресің. Ол ыңғайлы. Ал қазір алып тастаған. Кейде үлгермей қалып жатырмыз. Сарыға өтсең айыппұл дейді тағы", - деді жүргізуші.

Жауапты орган өкілдері мұндай шара мәжбүрлі түрде қабылданғанын айтты. Себебі бағдаршамдағы уақыттың аяқталғалы жатқанын көрген жүргізушілер жылдамдықты асыратын көрінеді.

"Қаланың магистралды көше қиылыстарында көлік құралдарының соқтығысу жағдайлары орын алуда. Яғни, жүргізушілер секундомер бойынша уақыттың азайғанын көріп тежеу мен үдеу қашықтығын есептемей, қиылыстан өту үшін жылдамдықты асырады. Осыған орай, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бағдаршам нысандарындағы секундомерлерді өшіру бойынша тиісті шара қабылданды. Айта кетейік, көше қиылыстарындағы интелектуалды көлік жүйесі қосылмаған бағдаршамдарда секундомерлер кері есебі қайта орнатылуда", - делінген Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бүгінде Шымкент жол-көлік оқиғалары жиі болатын қалалардың қызыл картасына еніп отыр. Бұл туралы айдың басында еліміздің бас прокуроры мәлімдеген еді. Жыл басынан бері мегаполисте 60 жол апатының соңы адам шығынымен аяқталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2173843-buryngysy-ynggaily-edi-shymkentte-bagdarshamdardyng-sekundomeri-nelikten-oshirildi-video/