Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте бүлдіршіндер көпқабатты үйдің терезесінен құлап кете жаздады (видео)

Жарияланған күні:

Терезе қасында отырған бала
Терезе қасында отырған бала. Көрнекі фото: pexels.com

Шымкентте 1,5 және 3 жасар бүлдіршіндер бесінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кете жаздады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Шымкент қаласы бойынша патрульдік полиция полкінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Патрульдік полиция полкіне "Спортты" мөлтек ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің жоғары қабатынан балалар құлайын деп тұрғаны туралы шақырту келіп түскен.

941-автоэкипаж қызметкерлері мекенжайға дереу жетіп, 1,5 және 3 жасар бүлдіршіндер 5-қабаттағы ашық терезеден қарап, ойнап тұрғанын көріп, ішке қарай кірген. Олар қолда бар құрылғыларымен есікті ашпақ болған. Кейін Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері келіп, есікті ашуға көмектесті. Осы шудың арқасында балалар да терезе маңынан есікке қарай жақындап, оқыс оқиға болған жоқ.

"Құрметті қала тұрғындары, әсіресе, көпқабатты үй тұрғындары! Үйлеріңіздегі терезелерге жолақтар (решётки) орнатуларыңызды сұраймын! Ойын баласы қауіпсіздікпен таныс емес, сол үшін мұқият болыңыздар!", - делінген патрульдік полиция полкінің хабарламасында.

Еске салайық, Шымкентте 2020 жылы туған бала төртінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кеткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2173953-shymkentte-buldirshinder-kopqabatty-uiding-terezesinen-qulap-kete-zhazdady-video/