Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Виллалар мен жер учаскелері": мемлекетке 177 млрд теңге көлемінде қаражат қайтарылды

Жарияланған күні:

Ақша
Көрнекі фото: depositphotos.com

Активтерді қайтару жөніндегі жұмыс шеңберінде арнаулы мемлекеттік қор бүгінде 177 млрд теңгеден астам ақшалай қаражатпен толықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, тізілім субъектілерімен жасалған келісімдердің нәтижелері бойынша шамамен 147 млрд теңге, процестік келісімдері бойынша 19 млрд теңге, активтерді өткізуден 6 млрд теңгеден астам, соттардың шешімдері бойынша шамамен 5 млрд теңге және жылжымайтын мүлікті жалға беруден 165 млн теңгеден астам қаражат түскен.

"Өткізілген активтердің ішінде екі вилла, әкімшілік ғимарат, тұрғын үй, пәтер, жер учаскесі және екі сәнді автокөлік бар.

Активтерді табысты өткізудің бір мысалы болып Алматы қаласындағы жер учаскесі табылады, ол "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" заң субъектісінен 176 млн теңге бағамен қабылданып, 657 млн теңгеге, яғни бастапқы бағалау құнынан төрт есе артық сатылған", - делінген хабарда.

Сонымен қатар, тізілім субъектілерімен келісімдер бойынша арнаулы мемлекеттік қорды 150 млрд теңгеден астам сомаға ақшалай қаражатпен қосымша толықтыру күтіліп отыр.

"Барлық қайтарылған ақша қаражаты елдің әлеуметтік және экономикалық жобаларын іске асыру үшін пайдаланылатыны айтылады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр", - делінген хабарда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2174023-memleketke-177-mlrd-tengge-koleminde-qarazhat-qaitaryldy/