Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұмыс істегісі келмейтін қазақстандықтар жазалана ма

Жарияланған күні:

Күйзеліске түскен ер адам. Көрнекі сурет
Күйзеліске түскен ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бүгін өткен брифингте әлеуметтік қамсыздандыру және халықты әлеуметтік қорғау министрінен сонау КСРО кезінде қолданылған "паразитизм" ("тунеядство") жазасы Қазақстанда қайтарылуы мүмкін бе деген сұрақ қойылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Журналистер бұған дейін ведомство басшысы жұмыстан бас тартқан азаматтар үшін жазаны қатаңдатуды ұсынғанын еске салды.

Жақыповаға "паразитизм үшін" кеңестік бапты қайтаруды көздеді ме деген сауал қойылды.

"Мен заңнаманы қатайту керек деп айтқан жоқпын, мен: жұмыстан бас тарту мәселесін заңнамалық тұрғыдан нақты қарастыру керек дедім.

Бүгінде бұл нормалардың алғышарттары бар. Егер адам мемлекеттік қолдау шараларын талап етсе, мысалы, АӘК тағайындау шеңберінде, тиісінше, оған берілген жұмыстан бас тартқан адамға біз мүмкіндік береміз: АӘК тағайындаймыз және жұмыс береміз. Ал ол: "мен жұмыс істемеймін, тек АӘК аламын" дейді.

Ал біз оған "кешіріңіз, онда АӘК тағайындалмайды" дейміз. Яғни осындай жағдай болады. Сол себепті басқа формаларды қарастыру керек", - деп түсіндірді Жақыпова.

Билік "паразитизм үшін" бабын қайтаруды жоспарлап отыр ма деген сұраққа министр "жоқ" деп жауап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2174052-zhumys-istegisi-kelmeitin-qazaqstandyqtar-zhazalana-ma/