Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық оқушылар күзгі каникулда қанша күн демалады

Жарияланған күні:

Көрнекі фото. ЖИ иллюстрациясы
Pixabay.com: Көрнекі фото. ЖИ иллюстрациясы

Қазақстандық мектептерде бірінші тоқсан аяқталуда. Күзгі каникул кезеңі 2024 жылдың 28 қазаны мен 3 қарашасын қоса алғанда жеті күнге созылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Telegram-дағы арнасында хабарланды.

Ведомство мәліметінше, оқушылар күзгі каникулда 7 күн демалады.

Мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары ұсынылады екен.

"Жоспар патриотизм, әділеттілік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дамытуға бағытталған іс-шараларды қамтиды:

• "Балалар кітапханасы" жобасын іске асыру шеңберінде "Демалыста кітап оқимыз" мектепішілік іс-шарасы;

• "Буллингтен қорған!" қауіпсіздік сабағы;

• Мектеп оқушылары үшін "Күзгі асар" жәрмеңкесі;

• "Мектеп театрының" жұмысын ұйымдастыру ұсынылады.

Ең бастысы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алу іс-шараларына, мектептің ішкі тәртібін сақтау, балалардың көшеде қауіпсіздігі, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздік шараларына ерекше назар аудару қажет", - делінген хабарда.

Айта кетейк, бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жолданған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2174097-qazaqstandyq-oqushylar-kuzgi-kanikulda-qansha-kun-demalady/