Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында бір тәулікте екі мыңнан астам жол-көлік оқиғасы болды

Жарияланған күні:

Жол көлік оқиғасы
Жол көлік оқиғасы. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Ақмола облысының жолдарында ауа райының нашарлауына байланысты бір тәулікте екі мыңнан астам жол-көлік оқиғасы орын алды деп хабарлайды Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz сайтында пайда болған ақпаратқа сәйкес, 12 қазанда Ақмола облысының полицейлері қолайсыз ауа райына байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеді.

Ауыр апаттардың алдын алу үшін бірнеше тас жолда көлік қозғалысы шектелді.

Қабылданған шараларға қарамастан, бұл күні облыс аумағында 2400-ден астам жол апаты тіркелді. Зардап шеккендер жоқ. Алайда көліктерге түрлі зақым келтірілді.

Жол-көлік оқиғаларының бірі Астана-Петропавл автожолының 155-ші шақырымында болған. 34 жастағы Mercedes жүк көлігінің жүргізушісі ауа-райының қиын жағдайларын ескермей, рульді басқара алмаған. Салдарынан көлік аударылып, бөренеге соқтығысқан. Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары жүк көлігін жолға шығаруға көмектесіп, қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

Жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарының жүргізушілерінің адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің зақымдалуына әкеп соққан жол жүрісі ережелерін бұзуы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жол қозғалысын шектеу кезінде Щучинск қаласына дейін 740 көлікке, оның ішінде 600 жеңіл және 140 жүк көлігіне, Көкшетау қаласынан Астана қаласына дейін 565 көлікке, оның ішінде 470 жеңіл және 94 жүк көлігінің жүргізушілеріне көмек көрсетілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2174199-aqmola-oblysynda-bir-taulikte-eki-myngnan-astam-zhol-kolik-oqigasy-boldy/