Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өнімдерді таңдауда қалай қателеспеу керек: отбасына қамқорлық жасау және ережелерді сақтау

Жарияланған күні:

Балық
Балық. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазіргі уақытта әрқайсымыз өз отбасымызды мүмкіндігінше тез әрі жеңіл тамақтандыруға тырысқанда азық-түлік қаптамасын сыртындағы ақпараттарды егжей-тегжейлі зерттеуге аз уақыт жұмсаймыз. Бірақ, мен сізге осы бірнеше минуттар сіздің отбасыңызды ықтимал қауіптерден қорғап қана қоймай, сонымен қатар сізге саналы таңдау жасауға көмектесетінін айтсам, қалай қарайсыз?

2024 жылдың маусым-қыркүйек айлары аралығында ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі ("MOТҚҚҚ" ҚБ) өкілі Қостанайда "Құпия сатып алушы" әдісімен өнімдерді сатып алуды жүзеге асырды. Себетте «Buldak» кеспесі мен зарарсыздандырылып тілімделген "Сардина тихоокеанская (иваси) натуральная" табиғи консервіленген балығы өнімдері болды.

Екі өнім де Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК және "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК аккредиттелген зертханаларына Кеден одағының Техникалық регламентінің (КО ТР 021/2011 және КО ТР 022/2011) талаптарына сәйкестігін тексеру үшін жіберілді.

Buldak кеспесі
Buldak кеспесі. Фото: Биятан Жанна

Зерттеулер көрсеткендей, екі өнім үлгісі де микробиологиялық және химиялық тұрғыдан қауіпсіз, бұл тұтынушылардың денсаулығына тигізетін қатері жоқ деген сөз. Дегенмен, өнімнің таңбаламасына қатысты сұрақтар туғызды:

Көптеген тұтынушылар: "неге таңбаламаға соншалықты көп көңіл бөлесіз?" деп сұрап жатады. Ең бастысы, өнім дәмді, бағасы қолжетімді және дайындалуы оңай болса сол жеткілікті емес пе? Соған қарамай, таңбалама қауіпсіздік мәселелерінде сіздің бірінші және негізгі көмекшіңіз болып табылады. Оған немқұрайлы қарау арқылы сіз өнімнің сапасына ғана емес, өз денсаулығыңызға және жақын адамдарыңыздың денсаулығына қауіп төндіресіз.

Мысалы, өнім таңбаламасы сізге не туралы айта алады:

  • Сақтау шарттары: Кеспе сияқты өнімді дұрыс сақтамау – ас қорыту бұзылыстарын тудыруы, дәмнің жоғалуына, тіпті бұзылуына әкелуі мүмкін.
  • Ингредиенттер мен қоспалар: Көптеген өнімдерде, әсіресе, балалардың денсаулығына кері әсер ететін қоспалар мен консерванттар бар. Таңбалама қаптаманың ішінде нақты не бар екенін түсінуге көмектеседі.
  • Жарамдылық мерзімі және балғындық: Жарамдылық мерзімі немесе сақтау шарттары туралы ақпараттың болмауы бұзылған өнімді тұтынуға әкелуі мүмкін, бұл денсаулық үшін өте қауіпті.

Қолы бос емес ата-аналар мен уақытын үнемдейтін адамдар өнімді сатып алмас бұрын қаптаманы тездетіп шолып қарап шығу үшін төмендегідей қарапайым кеңестерді пайдалана алады:

1. Еуразиялық сәйкестік белгісін тексеріңіз: Бұл өнімнің Кедендік одақта сертификатталғанына және қауіпсіздіктің барлық талаптарына сәйкес келетініне кепілдік береді.

2. Таңбалама тіліне назар аударыңыз: «Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» заңына сәйкес, қаптамадағы барлық ақпараттар қазақ және орыс тілдерінде болуы керек. Бұл ақпарат жоқ болса, онда қауіптенуге негіз бар, өйткені өндіруші немесе жеткізуші осының өзінде заңды бұзып тұр.

3. Сақтау шарттарын тексеріңіз: қаптамада өнімді қалай және қайда сақтау керектігі көрсетілмесе, сатып алмас бұрын екі рет ойланыңыз. Дұрыс сақталмаған өнімдер пайдалы қасиеттерін тез жоғалтады.

4. Жарамдылық мерзімі: қаптамада жарамдылық мерзімі көрсетілгеніне көз жеткізіңіз. Бұл, әсіресе, консервілер мен тез дайындалатын кеспе үшін маңызды.

Өндірушілер көбінесе өз өнімдерінің қай нарыққа түсетінін білмейді. Бірақ, "Қазақстан Республикасындағы "Тіл туралы" заңына сәйкес, тауарлардың заттаңбалары (жапсырмалары), таңбаламалары, шетелдік тауарларға арналған нұсқаулықтар импорттаушы ұйымдар қаржысы есебінен мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасы қамтамасыз етіледі.

Алия Алибекова, "МОТҚҚҚ" ҚБ сарапшысы: "Кәсіпкерлер үшін жеткізушілердің таңбаламаның екі тілге аударылуын қалай қамтамасыз ететінін, сондай-ақ, өнім туралы барлық қажетті ақпараттың болуын қадағалау өте маңызды. Өйткені, заң талаптарын сақтау тұтынушыларды қорғап қана қоймайды, сонымен қатар кәсіпкерлерге бақылаушы органдар тарапынан ықтимал санкциялар мен талаптарды болдырмауға көмектеседі" , - дейді.

Тұтынушы, есіңізде болсын, өнімді сатып алмас бұрын жапсырмасын тексеру жағымсыз салдардан аулақ болуға және денсаулығыңызды сақтауға көмектеседі.

Кәсіпкер, ұмытпа! Заң талаптарын сақтау – уақыт талабы ғана емес, клиенттерге деген құрметтің белгісі.

Әрбір түскі асыңыз дәмді ғана емес, сонымен қатар қауіпсіз де болсын!

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жобасы аясында осы материалды дайындаған «MOТҚҚҚ» ҚБ тұтынушылар құқығын қорғау тек мемлекеттік органдардың ғана емес, азаматтардың да міндеті екенін еске салады.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ – https://www.instagram.com/ozpp.kz/

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2174242-onimderdi-tangdauda-qalai-qatelespeu-kerek-otbasyna-qamqorlyq-zhasau-zhane-erezhelerdi-saqtau/