Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдан Есікке үлкен автобустар қатынай бастады (фото)

Жарияланған күні:

Автобус
Автобус. Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Бүгін, 15 қазаннан бастап Алматыдан Есікке дейін үлкен автобустар қатынай бастады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 15 қазаннан бастап үлкен сыйымдылықтағы автобустар "Райымбек" метро бекетінен Есік қаласына дейін қатынай бастайды, соңғы аялдамасы Еңбекшіқазақ ауданының Қызылжар ауылы болмақ.

Жол жүру схемасы
Жол жүру схемасы: Алматы қаласы әкімдігі

"№252 бағытында 25 автобус қызмет көрсетеді, жүру аралығы 10 минут. Бұл бағытқа"ECOBUS SERVICE" ЖШС қызмет көрсетеді", -делінген әкімдік хабарламасында.

Ведомство өкілдері бұған дейін Алматыда 34 қала маңы бағыты ашылып, оларға 491 автобус бөлінгенін айтты. Сондай-ақ олар жыл соңына дейін Алматы агломерациясындағы 70-ке жуық елді мекенді қамтитын тағы 19 бағыт ашу жоспарланып отырғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2174314-almatydan-esikke-ulken-avtobustar-qatynai-bastady-foto/