Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында 15 тонна шөп жанып кетті (видео)

Жарияланған күні:

Жеке тұрғын үй аумағындағы өрт
Жеке тұрғын үй аумағындағы өрт. Скриншот: t.me/qr_tjm

Түркістан облысы Төле би ауданының Біркөлік ауылында жеке тұрғын үй аумағында өрт шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ның Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

ТЖМ мәліметінше, Біркөлік ауылында жеке тұрғын үй аумағында алдын ала 275 шаршы метр алаңда шаруашылық құрылысы және 15 тоннаға жуық жиналған шөп жанған.

Өрт сөндірушілер өрттің 2000 шаршы метр алаңға таралуына жол бермей, 75 тонна шөпті өрттен құтқарған. Қызыл жалын ауыздықталды, зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Еске салайық, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Мұқашы ауылында жалпы салмағы 600 тоннадан асатын 2000 бумада жиналған шөп жанған еді. Құтқарушылардың жедел және үйлесімді жұмысының арқасында өрттің одан әрі үлкен аумақтарға таралуына жол берілмей, оны оқшаулауға мүмкіндік туды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2174322-turkistan-oblysynda-15-tonna-shop-zhanyp-ketti-video/