Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда "Наурыз" бағдарламасы бойынша тұрғын үй сертификатын алуға өтініш қабылдау басталды

Жарияланған күні:

Ақша және баспана
Ақша және баспана. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматыда "Наурыз" жаңа тұрғын үй бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификатын алуға өтініш қабылдау басталды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство өкілдері Алматы қаласы мәслихатының шешімімен бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификатын беруге қаражат бөлінгенін мәлімдеді. Сертификат мөлшері 1,5 млн теңгеге дейін, ол өтеусіз әрі қайтарымсыз беріледі. Сертификат алушыларға ЖАО кезекте тұрғандардың ішіндегі мынадай санаттар жатады:

  • 1 және 2 топтағы мүгедектер;
  • Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • Көпбалалы отбасылар.

Жаңа ережеге сәйкес, сертификат алу үшін отбасының орташа табысын растау қажет, ол отбасының әрбір мүшесіне осы қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген көрсеткішінен (134 561,7 теңге) аспауға тиіс.

Отбасы банкінде төлем қабілеттілігін растаған және тұрғын үй тапқан азаматтар Kezekte.kz сайтындағы ("Amanat" сервисі арқылы) тұрғын үй сертификатына өтінім бере алады. Қажет құжаттар:

1. Жұмыс орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі (әлеуметтік осал топтарға талап қолданылмайды);

2. Ипотекалық тұрғын үй несиесін беру туралы банктің мақұлдау хатының электрондық көшірмесі, онда несие сомасы мен ай сайынғы төлем мөлшері көрсетілуі керек.

Өтініштер 3 жұмыс күні ішінде қаралады, бұл тұрғын үй көмегін алуды жылдам әрі қолжетімді қылады.

Бұған дейін тұрғын үй сертификаты тек "Бақытты отбасы" және "Шаңырақ" бағдарламалары аясында берілетін, ал жаңа өзгеріс тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды қолдау мүмкіндігін кеңейтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2174359-almatyda-nauryz-bagdarlamasy-boiynsha-turgyn-ui-sertifikatyn-aluga-otinish-qabyldau-bastaldy/