Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында мамандандырылған ХҚКО-ның бұрынғы басшысы ұсталды

Жарияланған күні:

Күдіктілерді ұстау сәті
Күдіктілер.Видеодан кадр: t.me/afm_rk

Қарағанды облысында жүк көліктерін заңсыз бастапқы тіркеу фактісі анықталды. Заңсыздық салдарынан жергілікті бюджетке 315 млн теңгеден астам сомаға төлемдер түспеген. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәлімет бойынша, ХҚКО қызметкерлері көліктердің бастапқы тіркеу алымы мен утилизациялық алымды төлеуден босату мақсатында интеграцияланған ақпараттық жүйеге жүк көлік құралдарының VIN-кодтары бойынша көрінеу жалған деректерді енгізген.

"Осылайша олар 33 жүк көлігін заңсыз бастапқы тіркеуден өткізген.

Жергілікті бюджетке 315 млн теңгеден астам сомаға төлемдер түспеген", - делінген ҚМА хабарламасында.

Ведомство өкілдері осы дерек бойынша мамандандырылған ХҚКО-ның бұрынғы басшысы және ХҚКО басшысының орынбасары ұсталғанын мәлімдеді.

"Сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Күдіктілердің мүлкіне 42 млн теңге көлемінде тыйым салынды", - деді Агенттік өкілдері.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2174387-qaragandy-oblysynda-mamandandyrylgan-hqko-nyng-buryngy-basshysy-ustaldy/