Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау базарында кәсіпкерді өлімші етіп сабады деген күдіктіге қатысты сот отырысы басталды

Жарияланған күні:

Сот балғасы
Сот балғасы. Фото: freepik.com

Атырауда базарға азық-түлік алуға келген кәсіпкер Амандық Сағынғалиевтің өлімі бойынша айып тағылған ер адамға қатысты сот отырысы басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған деректі Атырау қалалық № 2 соты қарап жатыр.

"Бүгін, 15 қазанда алғашқы сот отырысы басталды", - деді Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі өкілі.

Еске салайық, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылының тұрғыны Амандық Сағынғалиев 5 маусымда Атырау қаласындағы орталық "Дина" базарына сауда жасауға келіп, соққының астында қалған. Ол алған жарақатынан ес жимастан облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. Ауыл азаматын жұдырықтаған сәт түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап, халықтың қызу талқысына түскен еді. Бұл факт бойынша полиция сотқа дейінгі кешенді тергеу амалдарын жүргізді. Күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауға алынды.

Автор: Әйгерім Сайқын

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2174457-atyrau-bazarynda-kasipkerdi-olimshi-etip-sabady-degen-kudiktige-qatysty-sot-otyrysy-bastaldy/