Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талғардағы қылмыстық іс: қанша қару табылғаны белгілі болды

Жарияланған күні:

тапанша және пышақ
Тапанша және пышақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Шерзат Болаттың қазасына қатысты қылмыстық іс бойынша 1 мылтық, 3 пышақ алынып, сараптама тағайындалды. Бұл туралы Қонаев қаласында өткен баспасөз жиынында Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаменті басшысының орынбасары Самат Айысов айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Брифингте журналистердің бірі ІІМ өкілінен Талғардағы оқиғаға қатысты істе қанша қару тіркелгенін және оның кімге тиесілі екенін сұрады.

Журналистің сауалына ішкі істер министрінің тергеу департаменті басшысының орынбасары Самат Айысов жауап берді.

"Қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерінде хаттама бойынша үш пышақ алынды. Оқиға болған жерде тағы бір қару – мылтық болғаны туралы ақпарат болды. Сонымен үш пышақ, бір мылтық. Оның кімге тиесілі екені туралы қазіргі таңда ақпаратты сіздерге ашық бере алмаймын. Ол қазір анықталды. Сараптама тағайындалды, тергеу әрекеттері жүріп жатыр", - деді Самат Айысов.

Айта кетейік, Шерзат Болаттың қазасына қатысты қылмыстық істегі басты айғақ – бейнекамераға жазылған видео бүгін БАҚ өкілдеріне көрсетілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2174507-talgardagy-qylmystyq-is-qansha-qaru-tarkilengeni-belgili-boldy/