Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талғардағы өлімнен кейін қанша қылмыстық іс қозғалды

Жарияланған күні:

Қылмыстық іс құжаттары
Қылмыстық іс құжаттары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін Қонаев қаласында өткен баспасөз мәслихаты кезінде Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов Талғардағы Шерзат Болаттың өліміне байланысты қандай қылмыстық істер қозғалғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Бауыржан Әленов қазақстандықтардың назарындағы іске қатысты ақпарат берді.

"Талғар ауданындағы оқиға үлкен әлеуметтік резонанс тудырды. Айта кетерлігі, бұл істің тергеу барысы Ішкі істер министрі мен бас прокурордың ерекше бақылауында", - деді ІІМ басшысының бірінші орынбасары.

Сонымен қатар Әленов жантүршігерлік оқиғадан кейін қанша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

"Біз бұзақылық бойынша екі қылмыстық іс қозғадық, кісі өлтіру және қорқыту бойынша тағы іс қозғадық. Қылмысты хабарламағаны үшін де қылмыстық іс қозғалды. Бұл Volkswagen көлігінде болған үш адамға қатысты іс. Мысалы өзі төбелеске қатыспаса да, бәрін көріп отыр. Полицияға хабарласуға мүмкіндігі болған еді", - деді министрдің орынбасары.

Бауыржан Әленов қорқытулар жөніндегі іс жәбірленушінің арызы бойынша жүзеге асатынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2174540-talgardagy-olimnen-keiin-qansha-qylmystyq-is-qozgaldy/