Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістандық сарбаз су тасқыны кезіндегі ерлігі үшін арнайы сыйлықпен марапатталды

Жарияланған күні:

Түркістандық сарбаз марапатталды
Түркістандық сарбаз марапатталды. Фото: Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Елордада әскери борышын өтеп келген Түркістан облысы Сауран ауданының тұрғыны Адыл Үркімбаевқа қорғаныс министрінің арнайы қолсағаты табысталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ аудан әкімдігінің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан қаласы және Сауран ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының бастығы Дильмурат Нұржанов аудан орталығына арнайы барды. Ол Астанада әскери борышын өтеп келген саурандық сарбаз Адыл Үркімбаевқа алғысын білдіріп, ҚР қорғаныс министрінің арнайы қолсағатын табыстады.

Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінің тұрғыны Адыл Үркімбаев Астанада әскери борышын өтеп жүрген сәтте елімізде су тасқыны болып, қарулы күштер тобы алғашқы күннен төтенше жағдайдың салдарын жоюға көмекке барған болатын. Осыған орай Адыл Үркімбаевтың ерен ерлігі ҚР Қорғаныс министрлігі тарапынан жоғары бағаланып отыр.

Еске салайық, президент Қасым-Жомарт Тоқаев көктемдегі алапат су тасқынынан кейін тиісті қорытынды жасалғанын айтқан еді. Мемлекет басшысы еліміз ешкімнің көмегінсіз тасқынның салдарын еңсере алғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2174588-turkistandyq-sarbaz-su-tasqyny-kezindegi-erligi-ushin-arnaiy-syilyqpen-marapattaldy/