Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістанда көліктерінің нөмірін алып тастап, кортеж жасаған жүргізушілер жазаланды (видео)

Жарияланған күні:

Түркістан облысында 10-ға жуық жүргізуші құқық бұзушылық жасаған
Түркістан облысында 10-ға жуық жүргізуші құқық бұзушылық жасаған. Фото: instagram.com/turkistan_polisia

Түркістанда тәртіп сақшылары көшеде кортеж жасап, жол ережесін бұзған 10-ға жуық көлік жүргізушісін жауапқа тартты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облысы жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасын бақылап отырған полицейлер түнгі сағат 03:00 шамасында жүргізушілердің өрескел құқық бұзушылығын байқаған.

Түркістан қаласының Ж.Майкотов және Алматы көшелерінің қиылысында "Lexus РХ330", "Huyndai Elentra", "Daewoo Nexia", "Lada", "ВАЗ 2114" маркалы 10-ға тарта автокөлік жолдың үстінде мемлекеттік белгілерін алып тастап, кортеж жасап жүргені анықталды.

"Бұл бойынша бірден жақын аумақта жүрген патрульдік полицияға хабар берілді. Оқиға орнына жеткен автоэкипаж жол ережесін бұзған көліктерді тоқтатуға белгі берді. Алайда олар полицияның заңды талабына бағынғысы келмеді. Осы сәтте тағы бір экипаж көмекке келіп, жан-жақты жүргізілген шаралар нәтижесінде құқық бұзушыларға тұсау қойылды", - делінген полиция хабарламасында.

Тексеру кезінде көліктер жол ережесін сақтамай, тұрғындардың түн тыныштығын бұзғаны белгілі болды. Бейнежазба жасау үшін құқық бұзушылыққа барған жас жігіттермен профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде құқық бұзған жас жүргізушілердің автокөлігі айыптұраққа жеткізілді. Аталған көлік иелеріне бірнеше баппен, яғни мемлекеттік тіркеу белгілері жоқ және қарсы бағытқа шығып көлік басқарғаны бойынша әкімшілік шара қолданылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2174628-turkistan-oblysynda-10-ga-zhuyq-zhurgizushi-memlekettik-nomirdi-alyp-tastap-kortezh-zhasagan-video/