Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында ер адам тұншықтырылып өлтірілді

Жарияланған күні:

Полиция қызметкері
Полиция қызметкері. Көрнекі фото: polisia.kz

Павлодар облысында ауыл тұрғынын өлтірген 33 жастағы ер адам бас бостандығынан айырылды. Жәбірленуші асфиксиядан көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі сот залынан.

Тергеу мәліметінше, Айнакөл ауылындағы жеке тұрғын үйдің ауласында екі жігіт бір-бірімен жанжалдасып қалған.

Бірінің Ақсуда тұратын туысына жүгінуіне осы себеп болды. Ағасына хат жазған жігіт одан келуін өтінген.

Өз кезегінде, айыптаушы тараптың сөзінше, үлкен туысы жағдайды шешуге тырысудың орнына жиеніне: "артқа қайтпа" деп жауап берген.

Бір сағаттан соң ағасы Айнакөлге келді. Ол жиенімен жанжалдасып қалған жәбірленушіден басқа ешкім болмаған үйдің ауласына кіреді.

"Ол өз қолымен басы мен бетінен ұра бастады, содан кейін жәбірленушіні сол қолымен ұстап тұрып, көтеріп, мойынан қысып, тұншықтырды. Сол уақытта оң қолымен денесінің әртүрлі бөліктерін ұрып-соққан", - деп түсіндірді Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Нұрлан Айтбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2174706-pavlodar-oblysynda-er-adam-tunshyqtyrylyp-oltirildi/