Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көктайғақ, тұман және үсік: Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды

Жарияланған күні:

Тұман басқан жол
Жол. Көрнекі фото: UGC

Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

17 қазанда түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Атырау қ: 17 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

17 қазанда түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, тау етегіндегі, таулы аудандарында тұман күтіледі. Алматы қаласында 17 қазанда түнде тұман күтіледі. Қонаев қаласында 17 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

17 қазанда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Түнде 1-6 градус үсік сақталады. Қызылорда қаласында 17 қазанда кей уақытта тұман күтіледі. Түнде 1-3 градус үсік сақталады.

Түнде және таңертең Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 3 градус үсік. Шымкент қаласында 17 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде 1-3 градус үсік. Түркестан қаласында 17 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде 1-3 градус үсік.

17 қазанда күндіз Маңғыстау облысының батысында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қаласында 17 қазанда күндіз найзағай күтіледі.

Тараз қаласында 17 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Осы түнде Қарағанды облысының оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.

Түнде Ұлытау облысының шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Орал қаласында 17 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

17 қазанда түнде Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

16 қазанның сағат 20.00-ден 17 қазанның сағат 20.00-ге дейін Өскемен қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2175210-koktaigaq-tuman-zhane-usik-qazaqstannyng-birqatar-ongirinde-eskertu-zhariialandy/