Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте 10 адамның ауруханаға түсуіне себепкер болған оқушының ата-анасы жазаланды

Жарияланған күні:

бұрыш баллоны
Бұрыш баллоны. Көрнекі фото: Daniel Karmann/Picture alliance/Getty Images

Шымкентте жасөспірім мектепке бұрыш баллонын шашып, 10 баланың ауруханаға түсуіне себепкер болды. Баланың ата-анасына айыппұл салынды, деп хабарлайды КТК телеарнасының сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Телеарна мәліметінше, бір апта бұрын Шымкентте бұрыш баллонымен ойнау салдарынан 10 оқушы ауруханаға түскен. Химиялық затты мектепте жоғары сынып оқушылары апарып, өздерінен кіші – 8-сынып оқушыларына шашып көргені мәлім болды. Балалар қауіпті заттан есінен тана бастаған.

Токсикологтар сол кезде жасөспірімдердің шамамен не сезінгенін айтып берді.

"Күйдіру, көздің жасаруы. Кейде кенеттен соқырлық сезімі пайда болады. Бірақ бұл өте қысқа уақытқа созылады. Жөтел, мұрыннан су ағу сияқты жоғарғы тыныс жолдарының зақымдану симптомы бар. Ал орталық жүйке жүйесінің зақымдануы бас ауруы, жүрек айну, құсу түрінде пайда болады. Сонда бұл сезімдердің ұзақтығы 20 минуттан 40 минутқа дейін созылуы мүмкін", - дейді медицина ғылымдарының кандидаты Мұрат Әлмұхамбетов.

Мұндай оқиғалар, видеодағы мәліметтерге қарағанда, басқа мектептерде аз емес. Бір айдың ішінде мектеп оқушылары қауіпті затты екі рет шашып үлгерген. Сонымен бірге олар оны оқу орындарына еш қиындықсыз алып кірген

Телеарна тілшілері бұрыш баллонын қалтаға салып, мектепке оңай алып кіруге болатынын айтады. Кейбір жағдайларда тіпті оны қалтасынан шығара да алады. Сонда да ол заңды бұзбайды – өйткені оған ешкім ештеңе демейді. Алайда ол адамның жасы 18-ден асқан болуы керек.

Мұғалімдер жаңа қауіпсіздік жүйесі мектепке тыйым салынған заттарды әкелуге байланысты оқиғаларды болдырмауға көмектеседі деп үміттеніп отыр

"Оқушылар артық заттар әкелмеуі үшін сынып сағатында біз балалардың сөмкелерін тексереміз. Мұндайда кезде психолог, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп инспекторы және сынып жетекшісі қатысады. Біз ешкімнің қалтасын ақтармаймыз. Балалардың өздері олардың ішінде не барын көрсетеді", - деп атап өтті Алматыдағы №200 мектеп-гимназия директоры Айнұр Нұрымқызы.

Заң бойынша Қазақстанда кәмелетке толмағандарға бұрыш баллонын сатуға тыйым салынады. Қару-жарақ дүкендері жеке куәлігін көрсетуді талап етуі керек. Алайда оны ересектердің өзі өзін-өзі қорғау үшін балаларына сатып алып береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2175269-shymkentte-10-adamnyng-auruhanaga-tusuine-sebepker-bolgan-oqushynyng-ata-anasy-zhazalandy/