Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сарандағы барлық тұрғын үй мен әлеуметтік нысандар жылуға қосылды

Жарияланған күні:

Жылу батареясы
Жылу батареясы. Көрнекі фото: pixabay.com

Сарандағы барлық үй мен әлеуметтік нысандар жылуға қосылды. Жауапты ведомство өкілдері жылу көздері қажет отынмен қамтамасыз етілгенін, қаланың барлық өндірістік нысаны өндірістік бағдарламаларға сәйкес жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Бұл жөнінде Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қазандықтардың, орталық жылу көзінің, сондай-ақ жылу желілері мен әлеуметтік нысандардың жағдайын тексеріп, жедел штаб отырыстарын өткізді.

"Қазір резервте тұрған барлық жергілікті қазандық дайындалып, іске қосылды. Жылуды толық көлемде берілуде. Біз барлық қазандықта жылу беру температурасын бақылаудамыз. Қосымша қазандықтармен кеңейту қажет болған жерлер де жақын арада кеңейтілетін болады. Тұрғындар бұрын болған екі қазандық бойынша сұрақ қойды, бұл үйлер басқа жұмыс істеп тұрған қазандықтарға қайта қосылды", - деді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Министрлік өкілдері арнайы комиссия құрылып, оның құрамында энергия қадағалау өкілдері, өңірлік және басқа да ведомстволардың басшылары, ТЖД бірлесіп жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Орталық жылу көзін жөндеу кезінде жабдықтарды жеткізуші зауыттың мамандары шақырылған.

"Біз барлық жылу көзін аралап, жылумен қамту схемасын қалпына келтіру жұмыстарының барысына жеткілікті түрде егжей-тегжейлі талдау жасадық. Мынандай шешім қабылданды: орталық жылу көзі іске қосылғанға дейін қаланы жылумен қамтуды жергілікті қазандықтар қамтамасыз етеді. Барлық әлеуметтік нысан жылумен қамтамасыз етілген, барлық өндірістік нысан өндірістік бағдарламаларға сәйкес жұмыс істеп жатыр", - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Үйлерге жылу беру аяқталып келеді. Жағдай энергетика министрлігі мен облыс әкімдігінің бақылауында.

Еске салсақ, бұған дейін Қарағанды облысындағы Саран қаласында қала тұрғындары әлеуметтік желіде жылусыз отырғанын айтып, шағымданған еді. Кейін Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов осы мәселеге қатысты видеоүндеу жолдады.

Үкімет отырысында осы мәселе кезектен тыс көтеріліп, премьер-министр Олжас Бектенов қаладағы жағдай бойынша тексеріс жүріп жатқанын, тексеру нәтижесі бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберілетінін айтты.

Ал кеше, 16 қазанда Сарандағы үйлерді мамандар қайтадан ескі қазандықтарға қосып жатқаны мәлім болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2175300-sarandagy-barlyq-turgyn-ui-men-aleumettik-nysandar-zhyluga-qosyldy/