Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте құтқарушыларға арналған мурал салынды (видео)

Жарияланған күні:

Шымкенттегі мурал
Шымкенттегі мурал. Фото: gov.kz

Шымкентте көпқабатты тұрғын үйдің қасбетіне қазақстандық құтқарушыларға арналған мурал салынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Құтқарушылар күні қарсаңында салынған мурал Шымкенттің орталығында, көпшіліктің назарына түсетін аймақтардың бірінде орналасқан. Арт-нысанда өртті сөндіру және төтенше жағдайлардан адамдарды құтқару сәті көрініс тапқан.

Мурал Төтенше жағдайлар департаментінің бастамасымен және қала әкімдігінің қолдауымен салынған. Суретшілер муралды салу үшін 4 күн жұмыс істеген.

"Қаланың орталық көшелерінің бірінде орналасқан бұл бейне қазіргі заман қаһармандарының қызметін насихаттайды және оларға деген құрметтің көрінісі", - делінген ТЖД хабарламасында.

Айта кетейік, Қазақстанда Құтқарушылар күні жыл сайын 19 қазанда атап өтіледі. 1995 жылы 19 қазанда Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2175327-shymkentte-qutqarushylarga-arnalgan-mural-salyndy-video/