Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бүлдіршінді аяғынан сүйреген": Шымкентте балабақша тәрбиешісіне қатысты сот үкімі шықты

Жарияланған күні:

Балабақша бөлмесі
Балабақша бөлмесі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шымкентте бүлдіршінге қол көтерген балабақша тәрбиешісіне қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық соттың Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкенттің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ш.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

"Сотталушы Ш. 2024 жылғы 3 қыркүйекте Шымкентте орналасқан бөбекжай балабақшаларының бірінде тәрбиеші ретінде жұмысын жасап жүріп, тобындағы кәмелет жасына толмаған жәбірленуші Б.-ға екі рет ұйықтау қажеттігін ескерткен. Алайда жәбірленуші Б. сотталушыны тыңдамаған, содан, сотталушы жәбірленушіні қолынан ұстап, жұлқылаған, әрі қарай жәбірленушіні аяғынан тартып, сүйреген, нәтижесінде жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірмейтін жарақаттар салған", - делінген сот хабарламасында.

Сотталушының кінәсі өз жауаптарымен, заттай дәлелдемелермен, сараптама қорытындыларымен және басқа да іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденді.

Жәбірленушінің заңды өкілі жазбаша арызында сотталушымен татуласқанын, оған кешірім бергенін мәлімдеп, қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.

Сотталушы кінәсін мойындап, шынайы өкініш білдіріп, жәбірленушінің заңды өкілінен кешірім сұрап, онымен татуласып, оған келтірген материалдық және моральдық залалды толық өтеуіне байланысты, сот ҚК-нің 68-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық істі тоқтатып, сотталушыны қылмыстық жауаптылықтан босатты. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, Шымкентте балаларды ұрып-соққан балабақша тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2175354-buldirshindi-aiagynan-suiregen-shymkentte-balabaqsha-tarbieshisine-qatysty-sot-ukimi-shyqty/