Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аягөз тұрғындары жылусыз қалғанына шағымданды: министрлік және әкімдік өкілдері жағдайға түсінік берді

Жарияланған күні:

Жылу батареясы
Жылу батареясы. Көрнекі фото: pxhere.com

Аягөз қаласының тұрғындары пәтерлердегі жылытқыштардың салқын екеніне, жылусыз отырғанына шағымданған еді. Бұл жайтқа Энергетика министрлігі мен облыстық әкімдік өкілдері пікір білдірдіп, жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Абай облысы әкімдігінің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған мәліметке сүйенсек, 16 қазан сағат 15.00-де Ø159 ысырмасының істен шығуы себебінен жылумен жабдықтау апатты жағдайда ажыратылған. Әкімдіктегілер қазандықтар жұмысы тоқтатылмағанын, жылумен жабдықтауды толық қалпына келтіру сағат 16:00-де аяқталғанын мәлімдеді.

"Ақауды жойғаннан кейін жылу желілеріндегі температура параметрлерін қалпына келтіру процесі басталды. Жылу желілерін салу бойынша барлық жұмыс аяқталды, жылу трассасының траншеясы қайта толтырылып жатыр", - делінген әкімдік хабарламасында.

Ведомство өкілдері барлық нысан жылуға толықтай қосылғанын атап өтті.

Осы орайда Энергетика министрлігі өкілдері 16 қазан шамамен 23:00-де Аягөзда жылу желісін қалпына келтіру жөніндегі жөндеу жұмыстары аяқталғанын мәлімдеді.

"Осы сәттен бастап температураның біртіндеп көтерілуі басталды, ал таңертең ол 50 градусқа жетті. Абай облысы бойынша Энергетикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменті жағдайды бақылауына алды, жағдай тұрақты", - дейді министрлік өкілдері.

Еске салсақ, бұған дейін Қарағанды облысындағы Саран қаласында қала тұрғындары әлеуметтік желіде жылусыз отырғанын айтып, шағымданған еді. Кейін Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов осы мәселеге қатысты видеоүндеу жолдады.

Ал бүгін Сарандағы барлық тұрғын үй мен әлеуметтік нысандар жылуға қосыланы туралы ақпарат пайда болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2175380-aiagoz-turgyndary-zhylusyz-qalganyna-shagymdandy-ministrlik-zhane-akimdik-okilderi-zhagdaiga-tusinik-berdi/