Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қиянаттың қиянаты": сенатор Жақып Асанов Талғардағы қайғылы оқиға бойынша пікір білдірді

Жарияланған күні:

Жақып Асанов.
Жақып Асанов.: sud.gov.kz

Палата кулуарында сенатор, бұрынғы Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов Талғардағы қайғылы оқиға бойынша пікір білдіріп, "бұл – өте ауыр қаза" деді. Сондай-ақ ол Талғарда бірде-бір туысы жоғын айтты. Бұл туралы сенатор "Sputnik Қазақстан" агенттігіне берген сұқбатында айтты.

"Қиянаттың қиянаты. Жап-жас мектептегі баланы ересек ерлердің жабылып тұрып, әке-шешесінің қолын байлап қойған ғой. Олардың көзінше, өлтіргені өте ауыр. Қазаның жеңілі жоқ. Бірақ, бұл өте ауыр", - деді Жақып Асанов.

Талғардағы оқиғадан кейін сол жердегі "Хутор" бандасының басшысы делінген Хасан Қасымбаевтың сенатор – бұрынғы Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановпен таныстығы бар деген әңгіме тараған еді.

Жақып Асанов бұл әңгімені жоққа шығарып: "Талғарда бірде-бір туысқаным жоқ", - деп жауап берді.

Журналист бұрынғы Жоғарғы сот төрағасынан "бұл іс бойынша ашық сот өтуі керек пе" деп сұрады.

"Ашық сот жөнінде судья шешеді. Прокурор сондай өтініш айтатынын жеткізді. Менің айтқаным орынсыз болар. Оның сол іс бойынша төрағалық ететін судья шешеді", - деді Жақып Асанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2175569-qiianattyng-qiianaty-senator-zhaqyp-asanov-talgardagy-qaigyly-oqiga-boiynsha-pikir-bildirdi/