Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

1,3 мың тонна банан: Түркістан облысында биыл қанша өнім жиналды (фото)

Жарияланған күні:

"Agrofest Turkistan – 2024" шарасы
"Agrofest Turkistan – 2024" шарасы. Фото: t.me/turkistanoblysy

Түркістан облысында биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 870 мың гектарға себілген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыс әкімдігінің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Осы жылы Түркістан облысында 929,0 мың тонна дәнді дақыл, 3,5 млн тонна көкөніс-бақша өнімдері, 192,0 мың тонна жүзім жиналды, 5,5 млн тонна мал азығы дайындалды.

Биыл тәжірибе негізінде 1,9 мың гектарға жаңа әдіспен мақта дақылы егілді. Технологияның тиімділігі суды, энергияны, еңбек ресурстарын және минералды тыңайтқыштарды үнемдей отырып, гектарына 60 центнерден өнім алуға мүмкіндік береді. Бұл облыстың орташа көрсеткішінен 2,5 есеге жоғары.

Облыстың климаттық ерекшелігі қарқынды бау және жылыжай шаруашылығын дамытуға өте қолайлы. Өңірде қарқынды баудың көлемі – 5,7 мың гектар. Өнімділік дәстүрлі бауларға қарағанда 5 есеге жоғары.

Жылыжайлардың жалпы көлемі – 1 640 гектар, жиналған көкөніс – 150 мың тонна (республикалық көрсеткіштің 71 %). Бұл маусымаралық кезеңде жергілікті өніммен республика халқы қажеттілігінің 42%-ын қамтамасыз етеді.

Инвесторлар кейінгі үш жылда субтропикалық банан, лимон өнімдерін жылыжайларда өсіру технологиясын үйреніп, кеңінен қолдануға көшті. Биыл жылыжай шаруашылықтарынан 1,3 мың тонна банан, 3,2 мың тонна лимон өндірілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2175585-1-3-myng-tonna-banan-turkistan-oblysynda-biyl-qansha-onim-zhinaldy-foto/