Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Цифрлық даму министрі Қазақстанда TikTok-ты бұғаттау туралы депутат ұсынысына пікір білдірді

Жарияланған күні:

Смартфондағы әлеуметтік желілер
Смартфон. Көрнекі фото: pexels.com

Мәжіліс кулуарында цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтен депутаттардың бірі Қазақстанда ТикТокты бұғаттау туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Біздің заң бойынша бұғаттау мүмкіндігі тиісті мемлекеттік орган Мәдениет және ақпарат министрлігіне берілген. Бірақ бұл біз заңға қайшы келетін заңсыз контентпен күреспейміз дегенді білдірмейді. Біз үкіметте осындай мәселемен күресу бойынша бір-бірімізге көмектескіміз келеді.

Бұғаттауға келер болсақ, жағдай мынадай: платформа заңды бұзбауы керек, Мәдениет және ақпарат министрлігі мұны үнемі қадағалап отырады. Егер заңға қайшы келетін контент болса, TikTok-пен Қазақстан арасында арнайы байланыс орнатылған. Мұндай жағдайда контентті бұғаттау немесе жою үшін өтініш беруге тікелей және жылдам байланыс бар.

Ал интернет-платформалар осындай контентті мүмкіндігінше тез қарап, талдайды, яғни контент модерациясымен айналысады. Заңды анық бұзған жағдайда қаралады. Бүгінгі таңда Қазақстандағы түгелімен TikTok-ты бұғаттау туралы ешқандай ақпарат білмеймін", - деді Мәдиев.

Айта кетейік, Қазақстанда платформаны бұғаттау мүмкіндігі туралы мәселе бір емес, бірнеше рет көтерілген. Мәселен сәуір айында мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстанда кез келген әлеуметтік желіні бұғаттау мәселесі бірқатар факторларға байланысты болатынын айтқан еді. Оның айтуынша, министрлік TikTok-қа қатысты мәселені қарастырып жатыр.

Кейінірек платформа өкілдері оның мәлімдемесіне жауап берді.

Қазан айының басында Сенат отырысында депутат Геннадий Шиповских Қазақстанда TikTok-қа шектеу қою мүмкіндігі туралы мәселені көтерді. Оның айтуынша, балалар мен жасөспірімдер арасында танымал әлеуметтік желідегі кей контент мінез-құлқына кері әсер етуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2175648-tsifrlyq-damu-ministri-qazaqstanda-tiktok-ty-bugattau-turaly-deputat-usynysyna-pikir-bildirdi/