Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Илон Масктың анасы Алматының көрікті жерлерін аралап, жылқының етінен дәм татты

Жарияланған күні:

Мэй Маск
Мэй Маск. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Илон Масктың анасы Мэй Маск Алматыдағы BeWoman Ортаазиялық әйелдер форумында сөз сөйледі. Ол аталған жиында абьюзермен некеде болғанын жасырған жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Өз сөзінде 76 жастағы Маск қаланың шіркеуі мен мұражайларын аралағанын, жылқының етінен дәм татқанын атап өтті. Ал форум ұйымдастырушысы Жанна Кан Мэй Масктің күйеуі абьюзер болғанын, ол ажырасқан соң басқа құрлыққа қоныс аударып, сұлулықпен қартаюдың нағыз символына айналғанын айтты.

"Бақытты кезеңім басталды. Өмірімнің барлығы нутрициологиямен байланысты болды, доктор дәрежесін де алдым. Кейін супермодель атандым. Ата-анамыз біздің мықты болып есейгенімізді қалады. Біз шөлдалаға (Африкада-ред. ескертпесі) келгенде ұйықтайтын қапта жаттық. Түнімен бізге қорқаулар келетін. Сіңілім екеуміз су болмаған кездері жуынбай да қалатынбыз.

Әкеміз біздің көп шығынсыз өмір сүруге дайын болғанымызды қалады. Ал ажырасқан кезде мүлде ақшам болмады. Киімді секонд-хэндтен алатынбыз. Канадаға көшкенде бәрін нөлден бастадым. Тек мансабымды ойладым", - деді Мэй Маск.

Мэй Масктың сөзінше, ол балаларының өз жолын қуып, диетолог болғанын қалаған. Бірақ олар бұл салаға қызығушылық танытпаған.

"Біз қиын жағдайда өмір сүрдік, бөлмеміз кішкентай еді, еденде жататынбыз. Олардың қарызы бар еді, ал оларды төлейтін ақшам болған жоқ. Ақырында олар өздері маңызды деп тапқан салаға бет бұрды. Мен ана ретінде оған қатты қуандым. Илонның менен зымыран жасауды немесе күн энергиясымен айналысуды сұрағаны есімде. Сонда оған "Тек бір іспен айналыс" деп айтқанмын. Бірақ ол мені тыңдамай, барлық бағытты бірден ұстады", - деді ол.

Мэй Маск ажырасқан кезінде иығынан жүк түскендей сезімде болғанын жасырған жоқ.

"Күйеуім "Сен сондай ақымақсың" деп айтатын. Ал мен бакалавр дәрежесімен қалай ақымақ боламын деп ойлайтынмын. Ол үнемі бетімнен ұратын. Сән саласына бет бұрып, ақша табу туралы шешімді 28 жасымда қабылдадым. Балаларыммен көлікке отырдым да кетіп қалдым, содан оралған жоқпын", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2175678-ilon-masktyng-anasy-almatynyng-korikti-zherlerin-aralap-zhylqynyng-etinen-dam-tatty/