Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да қызметтік көлікпен дүкенге нан алуға барған аудан әкімі орынбасары жазаланды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Әйел адам құжатқа қол қоюда
Құжатқа қол қою. Көрнекі фото: Рexels.com

Солтүстік Қазақстан облысында аудан әкімінің орынбасары қызметтік көлікпен дүкенге нанға барып, көлігін тыйым салынған жерге қойғаны үшін жазаланды. Бұл туралы Petropavlovsk.news хабарлайды.

Басылым мәліметінше, оқиға 28 тамызда болған.

Кешке Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Алма Нұрғалиева қызметтік көлігімен дүкенге кіріп, көлігін тыйым салған қойғаны хабарланды. Мұны көрген тұрғындар видеоға түсіріп алған.

Бұл мәселе Әдеп жөніндегі кеңесте талқыланды. Кездесуде шенеунік өз кінәсін толық мойындап, үйіне келе жатқанда нан үшін дүкенге тоқтауды ұйғарғанын түсіндірді. Басқа көліктердің артына тоқтаған ол тыйым салу белгісін байқамағанын жеткізді.

Сондай-ақ Әдеп жөніндегі кеңесте әйелдің 20 жылдан астам мемлекеттік қызметте еңбек етіп, ауданда кадрлық ауыс-түйіс көп болғандықтан бірден екі аудан әкімінің міндетін атқарып жүргені айтылды.

"Біз жазалаушы орган емеспіз. Мемлекеттік қызметшілердің беделін түсіретін істерді қарастырамыз. Ешкімге қызметтік көлікті жеке мақсатта жүргізуге немесе жақындары мен туыстарын тасымалдауға рұқсат етілмейді. Оған түбегейлі және объективті түрде қарау керек деп ойлаймын. Егер факт адам жазалануы керек", – деді Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ержан Қарымсақов.

Ол бұл әрекеті үшін Алма Нұрғалиеваға әдеп жөніндегі уәкіл болғандықтан қатаң сөгіс беруді ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2176136-sqo-da-audan-akimi-orynbasary-qyzmettik-kolikpen-dukenge-nan-aluga-bargany-anyqtaldy/