Маргарет Тэтчерге берілген "Достық" ордені сатылымға шығарылды (фото)
Жарияланған күні:
Читать на русскомҰлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчерге берілген "Достық" ордені сирек және көне кітаптар мен заттарды сатуға арналған британдық онлайн-платформаға қойылған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Британдық платформада 2000 жылдардың басында Маргарет Тэтчерге берілген қазақстандық орден 12 500 фунт стерлингке сатылып жатыр. Бұл шамамен 7 млн 800 мың теңгеден асады.
Орден сипаттамасында аздаған сызаттар бар екені жазылған.
"Төс белгі жұлдыз асыл тастармен көмкерілген, орден белгісі мойынға тағатын лентасымен бірге. Қорап сыртында "Достық" деген жазуы бар, орден тұрған жер көк түсті барқыт матамен қапталған, ілгектері жезден жасалған", - делінген сипаттамада.
"Электрондық үкіметтің" ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, мемлекеттік марапат қоғам және мемлекет тарапынан жалпы жеке адамға құрметті көрсету белгісі және марапаттаудың маңызды элементі. Қазақстанда марапаттардың жалпы 20 түрі бар, ол әр түрлі марапаттарды, медальдар және құрмет атақтарын қамтиды.
Еңбегі сіңген Қазақстан азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар мемлекеттік, қоғамдық, шығармашылық қызмет, еңбек және жауынгерлік ерліктері үшін мемлекеттік марапаттармен марапатталады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2176599-margaret-tetcherge-berilgen-dostyq-ordeni-satylymga-shygaryldy-foto/