Қазақстанда мопедті тіркеу үшін қандай құжаттар қажет болатыны анықталды
Жарияланған күні:
Қазақстан Ішкі істер министрлігі бұйрықтың жобасын жариялады, онда мопедті тіркеуге қажетті құжаттардың тізімі реттеледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Ашық заңды тұлғалар" сайтында "Мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту және көлік құралдарының жекелеген түрлерін есепке алу" туралы 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығының жобасы пайда болды.
Енді құжатта мопедтер туралы тармақ және оларды тіркеуге қажетті құжаттар тізімі бар. Атап айтқанда:
- жеке басты куәландыратын құжатты (жеке басты сәйкестендіру үшін) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық нысанда;
- Салық кодексінінің 553 және 615-баптарында көзделген тіркеу алымымен КҚТК, МТНБ бергені үшін мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттарды;
- бар болған жағдайда техникалық құжатты немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы ашық ақпараттық көздерден алынған мәліметті;
- иесінің өтінішін;
- көлік құралын қарап тексеру актісін (көлік құралын бастапқы тіркеу кезінде).
Кеден одағының "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне 7-қосымшаның (КО ТР 018/2011) көлік құралдарының сәйкестендіруге қойылатын талаптарға сәйкес, мопед жақтауының нөмірі болмаған жағдайда сәйкестендіру нөмірін уәкілетті орган тіркеу әрекеттері жасалғанға дейін мопед иесінің өтініші бойынша ұсынады.
Бұйрық жобасы 4 қарашаға дейін жария талқылауда болады және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2176814-qazaqstanda-mopedti-tirkeu-ushin-qandai-quzhattar-qazhet-bolatyny-anyqtaldy/