"Жап-жақсы адамның обалына қаламыз": адвокат Құсайынова Тұрлыхановтың ұлының жазасын өзгертпеуді сұрады
Жарияланған күні:
Читать на русскомБүгін Алматыда депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат ісі бойынша онлайн-режимде сот отырысы өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Сот отырысында бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру мәселесі қаралып жатыр. Бұған дейін сотта Қуандық Бишімбаевтың мүддесін қорғаған Нұрсыл Болаттың адвокаты Назкен Құсайынова журналистердің процеске қатысуына тыйым салуды сұрады.
Пробация қызметі өкілінің мәлімдеуінше, Нұрасыл Болат әлі 1 жыл 5 ай мерзімдегі жазасын өтеуі керек. Алайда, әңгімелесулер мен бақылау құрылғыларына қарамастан, ол екі рет жаза тәртібін бұзған – 2024 жылғы 11 қазанда сағат 19.30-дан 21.45-ке дейін мейрамханада болған кезде және 12 қазанда сағат 4.15-тен 4.59-ға дейін караокеде болған.
Пробация қызметінің өкілдері осыған байланысты 14 қазанда сотталушы пробация қызметіне шақырылып, одан түсініктеме алынғанын атап өтті. Ол Нұрасыл Болтқа кесілген бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыруды сұрады.
Бұл ретте пробация қызметінің өкілі судьяға сотталушы бақылауға дер кезінде барып тұрғанын айтты. Назкен Құсайынованың білезік ауыстырылған-ауыстырылмағанын сұрағанда, құрылғы ауыстырылғанын растады.
Сотталушының өзі үйден білезікті қуаттағыш досының көлігінде қалып қойғандықтан шыққанын, пробация қызметі оған үнемі телефон соғып, білезікті қуаттауын өтінгендіктен қуаттағышты алуға барғанын айтты.
"Шолақ шалбар мен тәпішкемен жүрдім", - деді Болат.
Ол Астанада жүргенде есепке тұру үшін бірнеше рет пробация қызметіне барғанын атап өтті. Сондай-ақ қазір Астанадан Алматыға ауысуға қажет құжаттарды күтіп жүргенін айтты.
"Құқықбұзушылық жасағаныма келісемін", - деді ол өз сөзінде.
Сондай-ақ судья іс материалдарын, соның ішінде бір түсінік хатты оқып берді. Онда батареяның қуаты тез отырып қалатындықтан, Нұрасыл Болат түнде білезікті төрт рет қуаттауға мәжбүр болатыны айтылған. Ол білезікті ауыстырып беруін сұраған.
Адвокат Назкен Құсайынова қорғалушысы ойын-сауық мекемесінде болғанын, бірақ ішімдік ішпегенін мойындағанын атап өтті. Ол пробация қызметінің "оның психикасына күшті қысым жасағанын" айтып, бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырудан бас тартуды сұрады.
"Біз жап-жақсы адамның, небәрі 21 жастағы жас жігіттің обалына қаламыз", - деді адвокат.
Ал прокурор жазаны өтеу шарттарын өзгерту туралы өтінішті қолдады.
Заңгер Анна Чернова да бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру қажет екенін атап өтті.
"Біз жас бала емес, 21 жастағы ер адам туралы айтып отырмыз. Жазалау әділдік орнату және адамды түзу жолға салу үшін қолданылады. Ұсақ құқықбұзушылықтар үшін адамдарды бас бостандығынан айыру тәжірибесі болғандықтан, бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыру жазасына алмастыру қажет деп ойлаймын", - деді Анна Чернова.
Еске салсақ, таяуда желіде мәжілісмен Тұрлыхановтың ұлы бас бостандығын шектеу жазасына кесілгеніне қарамастан, түнде қыдырып жүргені жөнінде ақпарат тарады. Видеоға ҚАЖД өкілдері пікір білдіріп, пробациялық бақылауды елемей, түнде қыдырғаны үшін бас Нұрасыл Болат бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтты.
16 қазанда депутат Дәулет Тұрлыханов баласы туралы пікір білдіріп, "21 жастағы баласының өмір көрмегенін, әлі жас екенін" айтқан еді.
Бұған қоса ол баласының әрекеттері бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға негіз бола алмайды деп санайтынын жеткізді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2176953-zhap-zhaqsy-adamnyng-obalyna-qalamyz-advokat-qusaiynova-turlyhanovtyng-ulynyng-zhazasyn-ozgertpeudi-surady/