Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлытау облысында жанар-жағармай талонмен сатылып жатыр: ведомство өкілдері жағдайды түсіндірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Автокөлікке жанармай құю станциясы
Автокөлікке жанармай құю станциясы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Желіде қазақстандықтардың Жезқазғандағы жанармай құю бекеттерінде жанармай тапшылығына қатысты шағымдары пайда болды. Жағдайға қатысты әкімдік түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жезқазғандықтар жанармай құю бекеттеріндегі жанармай жоқтығына, ұзын-сонар кезекке шағымданды. Бұл туралы ақпарат желідегі парақшаларды 20 қазанда жарияланды. Бірақ бүгін де желі қолданушылары жанармай құя алмағанын жазып жатыр.

KAZ.NUR.KZ тілшісі облыс әкімдігінен жағдайға қатысты сұрады.

Ведомстводан уақытша тапшылық талонмен сатылған жанар-жағармайдың жеткізілуінің кешігуіне байланысты болып жатқанын, бірақ мәселе қазіргі уақытта шешіліп жатқанын хабарлады.

"Бүгін түнде жанар-жағармай тиелген 2 вагон, алдағы күндері апта соңына дейін 16 вагон келеді деп жоспарланған.

Қабылданған шараларға сәйкес 23 қазанда жанар-жағармай сату бойынша жағдай тұрақталады, жанар-жағармай құю бекеттеріндегі қолданыстағы шектеулер алынады", - деп хабарлады Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері.

Энергетика министрлігі Ұлытау өңірінде жанар-жағармай қоры:

  • АИ-92 – 0,72 мың тонна
  • АИ-95 – 0,13 мың тонна
  • дизель отыны – 3,06 мың тонна

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ мәліметі бойынша, АИ-92 Ұлытау өңіріндегі жанармай құю бекеттерінде:

  • "Helios" - шектеусіз
  • "Беркут", "Petroretail", "С-Мұнай" – талон бойынша, бұл жанармай құю станцияларына 1-1,5 күн ішінде, 1400 тоннаға дейін (24 вагон) жеткізу жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2177402-ulytau-oblysynda-zhanar-zhagarmai-talonmen-satylyp-zhatyr-vedomstvo-okilderi-zhagdaidy-tusindirdi/