"Ұлтты масқаралау": жас балалардың Медеудегі әрекеті "Шымбұлақ" директорының ашуына тиді (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русскомЖеліде бірнеше жігіттің Медеуде арқанжолдағы кабиналарға әлдене лақтырып жатқан видеосы қолданушылардың ашуын туғызды. "Шымбұлақ" компаниялар тобының басшылығы оқиға туралы пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Медеуде түсірілген видеоны "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортының директоры Ринат Әбдірахманов Instagram-дағы парақшасында жариялады.
Кадрдан бірнеше жігіт арқанжолдағы кабиналарға әлдене лақтырып жатқанын байқауға болады. Бұған қоса бейәдеп сөздер айтылған.
Видеоның сипаттамасындағы жазбада тау шаңғысы курортының директоры жас жігіттердің бұл әрекетіне ашынып, пікір білдірген.
" Бүгінгі күні мәдениет пен сыйластықтан жұрдай кей жастар өз дәрежелерін ашық айуандыққа дейін түсіретіні ызаны келтіреді. Бүгін мен бір топ мәдениетсіз жастардың кабинаға тас лақтырып, онымен қоймай балағат сөздер айтып жатқан видеосын көрдім.
Кабинадағы адамдар еліміздің қонақтары болуы мүмкін екенін мүлде ойлап тұрған жоқ. Біреудің мүлкіне залал келтіріп тұрғандарында ісі жоқ. Осындай масқара іске куә болған турист не ойлайды? Бұл адамдар тек нақты бір затқа не адамға қастандық жасап тұрған жоқ – олар біздің ұлттық имиджге нұқсан келтіріп тұр. Бұл "Жастықпен жасалған іс" емес, бұл – ұлтты масқаралау", - деп жазды Ринат Әбдірахманов.
Ол мұндай бұзақылық жазасыз қалмайтынын алға тартты.
Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер айтылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2177825-ultty-masqaralau-zhas-balalardyng-medeudegi-areketi-shymbulaq-direktorynyng-ashuyna-tidi-video/