Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қай жерден бассыздық көріп жүрсіз": ІІМ басшысының экс-орынбасары елде қылмыс өршігеніне пікір білдірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Изолятор
Изолятор. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін палата кулуарында бұрынғы Ішкі істер вице-министрі, қазіргі сенат депутаты Марат Қожаевқа Қазақстанда қылмыстың өршіп тұрғаны туралы сұрақ қойылды. Сенатор елде кез келген уақытта емін-еркін жүруге болатынын жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Журналистер Қазақстанда қылмыстың белең алғанын айтып, елдің оңтүстік өңірлеріндегі атышулы істер көпшілікті алаңдатып отырғанын жеткізді.

"Осындай жағдайларда ресми статистиканы келтірейік. Сіз күннің кез келген уақытында қаламыздың көшелерін аралай аласыз, кез келген қоғамдық орындарға барасыз ба? – деген сұраққа Қожаев сұрақпен жауап берді.

Сондай-ақ ол сексуалдық құлдыққа ұшыраған қызылордалық оқушы қыздың ісін туралы да айтты.

"Бұл оқиғаның барлық қыр-сырын, оның барлық себебі мен шартын түсінбей тұрып, қорытынды жасауға әлі ерте. Сот болады. Бұл істің барлық жай-жапсары сотта зерттеліп, нақты құқықтық баға беріледі, содан кейін. Мен 30 жылдық тәжірибем бар тергеушімін, менің есімде мұндай оқиғалар өте көп болды. Ал жұртшылықтың наразылығынсыз тиісті әділ, объективті шешімдер қабылданды. Бізде түрме қылмыскерлердің саны қаншама, олардың ісінде резонанс болмаған", - деді ІІМ бастығының бұрынғы орынбасары.

Оның айтуынша, сотта әлеуметтік желіде пайда болған шу емес, процессуалдық дәлелдер ғана бағаланады.

"Дәлелдер болса, кінәлілер, әдетте, жазасын алады", - деп қосты сенатор.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2178464-qai-zherden-bassyzdyq-korip-zhursiz-iim-bastygynyng-eks-orynbasary-elde-qylmys-orshigenine-pikir-bildirdi/