Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талғардағы уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен күдікті ұсталды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Күдіктіні ұстау сәті
Күдіктіні ұстау сәті. Фото: instagram.com/police_almobl

Алматы облысында Талғардағы уақытша ұстау изоляторынан бірнеше күн бұрын қашып кеткен күдікті ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Полиция департаментінің хабарлауынша, жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Тереңқара ауылының шетінде 21 қазан күні уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен ер адам ұсталды.

"Іздестіру жұмыстары басталған сәттен бастап полиция мен төтенше жағдайлар департаментінің барлық күштері жұмылдырылды, сондай-ақ іздеу шараларына қоғамдық көмекшілер, еріктілер мен облыс тұрғындары тарапынан құрылған ерікті жасақтар белсенді түрде атсалысты.

Күдікті қайтадан уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған жасалған негізгі қылмысқа қосымша қамаудан қашқаны үшін айып тағылады.

Полиция іздеу шараларына қолдау көрсеткен барлық азаматтарға алғыс білдіреді. ", - деді полиция өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысының полиция департаменті Талғардағы уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен зорлау бойынша күдіктінің жеке мәліметтерін жариялағанын хабарлаған едік.

Алматы облысы полиция департаменті уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен 30.05.1998 жылы туылған Бекарыс Сәбитұлы Қалмырзаевқа іздеу салды.

Уақытша ұстау изоляторынан зорлау жасады деген күдікпен қамауда отырған азаматтың қашып кеткеніне байланысты "Сирена" жоспары енгізілді. Негізгі жолдарға блокбекеттер қойылып, қашқынды іздеп табу және ұстау үшін барлық күш пен құралдар жұмылдырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2178764-talgardagy-uaqytsha-ustau-izoliatorynan-qashyp-ketken-kudikti-ustaldy/