Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда жаппай төбелес видеоға түсіп қалды: полицейлер түсінік берді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Екі жігіт бір жігітті тепкілеп жатыр
Оқиға орны. Видеодан кадр: t.me/tipavlo

Бұған дейін желіде Павлодардағы бірнеше жігіттің арасында болған жаппай төбелестің видеосы жарияланды. Бұл жайтқа облыстық полиция департаменті өкілдері түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнынан түсірілген видео Telegram-дағы "Типичный Павлодар - шок tipavlo" арнасында жарияланды.

Жаппай төбелес Павлодардағы Қамзин көшесінде болған. Желіде жарияланған видеода бірнеше жігіттің өзара төбелесіп жатқанын, сондай-ақ екі жігіттің біреуді тепкілеп жақтанын көруге болады. Жерде жатқан жігіт қарсы әрекет танытпаса да, әлгілер тепкілеуін доғармайды.

Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдері NUR.KZ тілшісіне бұл факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Барлық қатысушы (22 жастан 36 жасқа дейін) анықталып, полицияға жеткізілді. Қазір тексеру жүргізіліп жатыр, олардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беріледі", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Полицейлер төбелеске қатысқандар арасында кәмелетке толмағандар жоқ екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2179161-pavlodarda-zhappai-tobeles-videoga-tusip-qaldy-politseiler-tusinik-berdi/