Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Энергетика министрлігі батыс өңірлерге қосымша сұйытылған газ жеткізілетінін хабарлады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Сұйытылған газ
Көрнекі фото: Cezaro De Luca/Europa Press/Getty Images

Ақтөбе, Маңғыстау облыстары мен Батыс Қазақстан облысына қосымша сұйытылған газ жіберілді. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство өкілдері 24 қазанда Ақтөбе облысына Шымкент мұнай өңдеу зауытының ресурстарынан қосымша 900 тонна бөлінгенін мәлімдеді.

Батыс Қазақстан облысына Теңізшевройл ресурстарынан қосымша 180 тонна жеткізілді.

Қазақстан газ өңдеу зауытынан Маңғыстау облысына тәуліктік жөнелтілім 100-150 тоннаға артқан.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысының тұрғындары автогазға қол жеткізуде қиындықтарға тап болып жатқанын, соның салдарынан сағаттап кезекте тұруға мәжбүр болғанын айтып, шағымданған еді. Әкімдік бұл жағдайға зауыттардың бірінде шыққан техникалық ақау себеп болғанын алға тартты.

Ал Батыс Қазақстан облысының тұрғындары жанармай құю бекеттеріндегі бензин тапшылығына шағымданды – кейбір жанармай бекеттерінде АИ-92 маркалы жанармай жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2179562-energetika-ministrligi-batys-ongirlerge-qosymsha-suiytylgan-gaz-zhetkiziletinin-habarlady/