Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қуандық Бишімбаевтың ісін қараған судья медальмен марапатталды (фото)

Жарияланған күні:

Судья Айжан Құлбаева
Судья Айжан Құлбаева. Фото: t.me/astanasottary

Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісін қараған судья Айжан Құлбаева медальмен марапатталды. Бұл туралы Астана соттарына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қылмыстық істер жөніндегі сотта марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Астана соттарының баспасөз қызметі Telegram-дағы арнасында.

Бүгін Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының м.а. Айсұлу Сламбекова салтанатты түрде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айжан Көлбаеваға ведомстволық награда табыс етті.

"Іс-шарада А.Көлбаева сот жүйесіндегі көп жылғы жемісті және мінсіз қызметі, сондай-ақ оның дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының II дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалімен марапатталды", - делінген хабарламада.

Марапатты табыстау барысында А.Сламбекова сот төрағасының адал қарым-қатынасын, істерді қарау сапасын атап өтіп, одан әрі жұмысына табыс тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2179725-quandyq-bishimbaevanyng-isi-boiynsha-sudia-medalmen-marapattaldy-foto/