"Жеке бақылауымда": әкім Екібастұз ЖЭО-дағы жағдайға тоқталды
Жарияланған күні:
Читать на русскомЕкібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин қаланы жылумен қамту жүйесі, жылу электр орталығындағы қазандықтарда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ әкімнің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қала басшысы Instagram желісіндегі парақшасында бұған дейін бекітілген жоспар бойынша "Ектібастұз" ЖЭО-да жеті қазандық қажетті жөндеуден өткенін, оның төртеуі жұмыс істеп тұрғанын, үшеуі резервте тұрғанын хабарлады.
Тағы бір қазандықты жөндеу жоспар бойынша 30 қазанда аяқталады. Қалған екі қазандықтағы жөндеу жұмыстары тиісінше қараша және желтоқсан айларында бітеді.
"Бекітілген құрылыс-монтаж жұмыстарының кестелерінен кешігулер жоқ", - деді Аян Бейсекин.
Биыл күл шығару технологиясында басты рөл атқаратын тазартылған су құбыры да салынды. Құбыр тартылды, қысымды сынау жұмыстары жүргізілді, екі сорғыда монтаждау жұмыстары аяқталды, сорғы жабдықтарын іске қосу жұмыстары жүргізілуде, алдағы күндері желі пайдалануға беріледі.
Сонымен қатар процестің осы бөлігінде жылыту маусымының қаупін азайту үшін тағы екі сорғы орнатылады.
Екібастұз қаласының әкімі қалалық "Су арнасы" мекемесінің басшысынан қаланы ыстық сумен қамтамасыз ету және орталық жылу пункттерін жаңғыртудың перспективалық жоспарлары туралы тыңдады.
"Жылыту маусымы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Қазіргі жағдай мен ұзақ мерзімді жаңғырту жоспарлары Павлодар облысы әкімінің жұмыс бақылауында және менің жеке бақылауымда", - деді Аян Бейсекин.
Бұған дейін Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Екібастұзға жұмыс сапарымен барып, электр стансасындағы турбиналар мен қазандықтардың жөндеу жұмыстарын тексерді, сондай-ақ тазартылған су құбырының құрылысының барысымен танысқан еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2180225-zheke-baqylauymda-akim-ekibastuz-zheo-dagy-zhagdaiga-toqtaldy/